Шығыс Қазақстандағы университетте антисептик дайындала бастады

2 Сәуір 2020, 22:10
1778
Бөлісу:
Шығыс Қазақстандағы университетте антисептик дайындала бастады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ зертханасында мың литр зарарсыздандыру құралдары дайындалды.

Зарарсыздандыру қоспасы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рецептурасы бойынша жасалуда. Ерітінді құрамына спирт, глицерин және зарарсыздандыратын қоспалар кіреді. Зертхана мамандары мұның бірінші кезекте ел тұрғындарын коронавирус індетінен қорғау және оның таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынған шаралар екенін алға тартты.

Қазіргі уақытта біздің жасаған антисептиктерімізді университеттің қызметкерлері мен студенттері қолдануда. Әзірге университет ішінде ғана таратылып жатқан зарарсыздандыру заттары біраз күндерде басқа да қолданушыларға жолданады, - деді "Veritas" зертханасының ғылыми қызметкері Айгүл Сәдуақасова.

Алдағы уақытта антисептиктер жоғары оқу орнының студенттерінен бөлек, мұқтаж азаматтарға тегін таратылатын болады. Зертхана "COVID-19" вирусымен күрес жөніндегі облыстық штабпен ынтымақтасуға ниетті. Сондай-ақ, ұйым лицензияға қатысты мәселе шешілгеннен кейін толыққанды өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы