Университет түлектері дипломды қалай алады?

20 Мамыр 2020, 17:45
3816
Бөлісу:
Университет түлектері дипломды қалай алады?
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистердің қатысуымен өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

Жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсудегі емтихан тапсыру мәселесіне тоқталған министр әр оқу орнына шығармашылық емтихан тапсыру бағытында бірнеше ұсыныс дайындалғанын айтты.

Жоғары оқу орындарына түсу барысында тапсырылатын шығармашылық емтихандар шілде айының ортасына қарай жүргізіледі. Қазір шілде айында елдегі эпидемиологиялық жағдай қалай боларын болжау қиын, дегенмен, біз ЖОО-на арналған бірнеше ұсыныс дайындап қойдық. Ол вокалдық, денешынықтыру, журналистика сынды бағыттардағы шығармашылық емтихандарға қатысты. Бұл жолда емтиханды қашықтан тапсыру мүмкіндігі бар. Біз қазір профильді министрліктермен жұмыс істеп жатырмыз. Бірқатар ұсыныс дайын, жоғары оқу орын өкілдерімен де кездесіп, талқыладық. Қалай дегенмен де, жағдай оңалса, белгілі бір шектеулерді ескере отырып, шығармашылық емтихандарды дәстүрлі түрде тапсыруға мүмкіндік туады деп үміттенеміз, - деді министр. 

Асхат Аймағамбетовтың мәлімдеуінше, университет түлектері дипломды онлайн ала алады.

Шет мемлекеттерінде де диплом алу рәсімі онлайн режимде өткізіліп жатыр. Біздегі университеттердің басым бөлігінің бұл рәсімді онлайн өткізуіне мүмкіндігі бар. Құжаттарды кейін алуға болады. Қажетті жағдайда пошта арқылы да жеткізіледі. Біз қазір дипломдар туралы барлық ақпаратты электронды жүйеде жинап жатырмыз. Алдымызда тұрған міндеттерді бірі – 1970 жылға дейінгі тарихи ақпараттарды электронды жүйеге енгізу. Осының негізінде келешекте жұмысқа тұрарда ол азаматтан ешкім қағаз жүзіндегі дипломды сұрамайды, себебі, оның электронды нұсқасы бар. Биыл оқуға тапсыратындардан біз ешқандай құжат сұрамаймыз, тіпті аттестатты да сұрамайтын деңгейге жеттік. Себебі, оның аттестаты да, алған бағалары да біздің жүйеге енгізілген. Биылдан бастап балабақша, бірінші сынып, колледж, жоғары оқу орнына қабылдау рәсімін толығымен электронды форматқа ауыстырдық. Цирфландыру бойынша жұмыстар әлі де жалғасатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы