Бас жаңалықтар
Екі университетте «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі ашылды
27 Ақпан 2019, 17:42 226

Екі университетте «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі ашылды

Түркістан облысы, BAQ.KZ. Облыста екі жеке меншік білім ордасында «Sanaly urpaq» жобалық кеңселері іске қосылды.

Өңірде алғашқы рет жобалық кеңсенің жекеменшік білім ордаларында ашылуы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен «Түркістан - Адалдық алаңы» Жобасы аясында жүзеге асты.

Атап айтсақ, кеңсенің бірі Жетісай ауданындағы «Сырдария» университетінде, ал екіншісі Сайрам ауданындағы «Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық» колледжінде ашылды.

Жобаның іске асырылу негізі - білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылады. 

Кеңселердің ашылуына Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев пен «Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің маманы А.Сапарбеков арнайы қатысып, Жоба бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс - шара барысында білім ордаларының басшылығы осындай Жобалық кеңсені Өздерінің оқу орындарынан ашуға ұсыныс білдірген Департамент басшыларына Өз алғыстарын білдіріп, білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосатынын жеткізіп, естелік суреттерге түсті.


Айта кетсек, бүгінгі күні Агенттік тарапынан бірқатар Жобалар іске асырылуда, соның ішінде білім беру ұйымдарында, яғни мектептерде «Адал ұрпақ», ал кәсіптік, техникалық және жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» кеңселері ашылып, өз жұмыстарын жүргізуде.

Сізден жаңалық