Бас жаңалықтар
Университет оқытушыларының жалақысы 110%-ға артты
07 Қазан 2021, 21:39 3578

Университет оқытушыларының жалақысы 110%-ға артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш жылда С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы 110%-ға артты.

Бұл туралы Amanzholov University ректоры халық алдындағы 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп беру кездесуі аясында хабарлады.

Amanzholov University ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, 2021 жылы университетте төлем жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс өз жалғасын тапты, оның ішінде профессор-оқытушылар құрамның қызметкерлерін ынталандыру тетіктері жетілдірілді.

Профессорлық-оқытушылық құрамның штаттық қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 2021 жылы 60%-ға өсті. Жалпы соңғы үш жыл ішінде 110%-ға артты. Бұл ЖОО-ның қаржылық тұрақтылығы мен өркендеуінің көрсеткіші, – деді Мұхтар Төлеген.

Сондай-ақ, ректор университет жыл сайын аспиранттар мен докторанттарға қаржылық қолдау, университет қызметкерлері мен ардагерлеріне әлеуметтік төлемдер, Сібе демалыс орнына жолдамаларға жеңілдіктер беретінін атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...