Универсиада-2019: Эстафеталық жарыста қазақстандық шаңғышылар күміске қол жеткізді

9 Наурыз 2019, 14:14
1652
Бөлісу:
Универсиада-2019: Эстафеталық жарыста қазақстандық шаңғышылар күміске қол жеткізді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан ерлер құрама командасы эстафеталық жарыста екінші болып келді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Біздің команда қашықтықты 1:16:48.8 уақытта жүріп өтті, жеңімпаздардан 1:26,6 кешігіп келді.

Алтынды 1:15:22.2 уақытта жүріп өткен Ресей командасы жеңіп алды, қола Финляндия командасының еншісінде. 

Айта кетсек, шаңғышылар 7,5 шақырымды төрт кезеңді жүгіріп өтті. Спортшылар алғашқы екі кезеңді классикалық стилде, қалған екі кезеңді еркін жүгіріп өтті.
Әйелдер эстафетасында Қазақстан төртінші орыннан көрінді.

Өзгелердің жаңалығы