Ұңғыманы бұрғылау маманы: Вахталық қызметте жақындарыңды бұрынғыдан да бағалай түсесің
12 Қараша 2021, 12:15 379

Ұңғыманы бұрғылау маманы: Вахталық қызметте жақындарыңды бұрынғыдан да бағалай түсесің

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қашаған кен орны - әлемдегі ең ірі мұнай-газ жобаларының бірі. Ұңғымаларды бұрғылау мұнайды пайдалану мен өндірудің негізі. Қабат қысымының жоғары болуы және күкіртті сутегінің мөлшері жоғары технологиялық жабдықты пайдалануды және инновациялық тәсілді қажет етеді. Осы орайда Қашаған кен орнында ұңғылау қызметіне машықтанған маман Нұрлан Бекпановпен әңгімелескен едік.

Оның айтуынша, бұрғылау қондырғысы жасанды аралдарға орнатылады.


Геофизикалық зерттеулердің деректеріне сүйене отырып, белгіленген мақсатқа сай ұңғыманы бұрғылау қажет. Ұңғымаларды бұрғылау – бұл негізінен бұрғылаудан, ұңғыма оқпанын қаптаудан, ағынды құбырлардан, жерасты жабдықтарынан және атқыма арматурадан тұратын операциялар мен кезеңдердің тұтас кешені. Келесі кезеңде ұңғыманы өндіруге және пайдалануға беру тұрады, - деді Нұрлан Бекпанов.

Ол вахталық әдіспен жұмыс істеудің артықшылығын әркім өзі анықтайтынын тілге тиек етіп, өзі үшін оң жақтарын ерекшеледі.

Қызметкерлер еліміздің немесе әлемнің әртүрлі қалаларында тұра алады. Вахталық әдіспен жұмыс басқа қалаға көшпей-ақ мамандық бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік береді. Ауысымдар арасында біраз уақыт демала аласыз. Сіз оны үйде отбасыңызбен өткізе аласыз немесе саяхаттап та кетуге болады. Әдетте 5/2 жұмыс кестесімен жұмыс кезінде уақыт жетпейтін хоббимен айналысып, демаласыңызды жоспарлауға болады.Сондай-ақ қызметкерлер біраз жыл бірге жұмыс істесе, онда тату ұжым қалыптасады деп айтқым келеді. Ал бұл атмосфераға оң әсер етіп, еңбек өнімділігін арттырады, - дейді Нұрлан Бекпанов.

Маман өз жұмысына толығымен кірісіп кететінін айтады.

Ұңғымалармен жұмыс істеу үлкен жауапкершілікті талап етеді әрі психологиялық тұрғыда тұрақты болу керек. Біздің компанияның қамтамасыз етуі мен бүгінгі технологиялардың арқасында отбасымызбен бейне қоңыраулар арқылы байланыса аламыз, бұл - үлкен артықшылық. Әрине, сіз кейбір отбасылық басқосулар мен мерекелерді сағынасыз. Бірақ үйден жырақта жұмыс істей отырып, сіз өзіңіздің жақындарыңызды қазіргіден де қаттырақ жақсы көре түсесіз және бағалай бастайсыз, - деді Нұрлан Бекпанов.

   



Фото: дереккөз
Загрузка...