Бас жаңалықтар
Дәрігерлер үндістандықтың 10 сантиметрлік «шайтан мүйізін» қағып алды
19 Қыркүйек 2019, 09:47 464

Дәрігерлер үндістандықтың 10 сантиметрлік «шайтан мүйізін» қағып алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Сагар қаласы тұрғынының (Мадхья-Прадеш штаты) 10 сантиметрден асатын мүйізді кератомасын алып тастады. Бұндай қатерсіз патологиялық ісікті шайтан мүйіз деп те атайды.

Daily Mail хабарлауынша, ер адам басынан қатты соққы алғаннан кейін сол жерде ісік пайда болған.

18584080-7473687-image-a-33_1568733630451.jpg

Өсіп шыққан ісік оған ешқандай қиындық туындатпаған. Шаштаразға барғанда ол мүйізін сәл «аралап» беруін сұрайтын көрінеді.

Алайда, ісік өсуін тоқтатпағандықтан, ер адамның медициналық көмекке жүгінген.

Операция сәтті өтті. Қазір пациент денсаулығын қалпына келтіретін курстардан өтіп жатыр.

18585362-7473687-image-a-40_1568734509132.jpg

Кератома – эпидермис жасушаларының беріштеніп, кератиндену салдарынан пайда болатын терінің қатерсіз ісігі.


Фото: дереккөз
Загрузка...