Бас жаңалықтар
Үндістандық штамға әсер ететін вакцина анықталды
23 Мамыр 2021, 14:00 762

Үндістандық штамға әсер ететін вакцина анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Англияның денсаулық сақтау қызметінің сарапшылары америкалық Pfizer және британиялық AstraZeneca екпесінің коронавирустың үндістандық штамынан қорғай алатыны анықталды.

Азаттықтың мәліметінше, сарапшылардың тексеріс қорытындысына сай, үндістандық штамға келгенде Pfizer екпесінің екі дозасының тиімділігі – 88 пайыз, ал AstraZeneca екпесінің тиімділігі – 60 пайыз.

"Жол картасының" (Ұлыбританиядағы коронавирус шектеулерін алу жоспары – ред.) орындалатынына сенімдімін. Себебі тексеріс кезінде екі екпе үндістандық штамнан тиімді қорғайтынын көрсетті, - деді елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок.

Министрдің сөзінше, бұл зерттеу қорытындысынан соң үкімет "жол картасының" жоспарына сай алдағы айда карантин шектеулерін біртіндеп жеңілдетуді жалғастыра береді.

Ұлыбритания қалған карантин шектеулерін жеңілдетудің келесі кезеңін 21 маусымда бастайды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...