Үндістандағы өрттен COVID ауруханасының науқастары қаза тапты
07 Қараша 2021, 10:30 667

Үндістандағы өрттен COVID ауруханасының науқастары қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның батысындағы Махараштра штатындағы Ахмеднагар қаласындағы COVID-19 аурухана бөлімшесінде өрт шығып, 11 -ге жуық науқас қайтыс болды. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, коронавирус жұқтырған 17 науқас бар бөлімшенің бірінші қабаты өртенген.

Алты науқас зардап шекті, оның екеуі ауыр халде.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін.  Махараштра штатының бас министрі Уддхав Такерей түсініктеме берді.

Ол билік мұқият тергеу жүргізіп, қаза тапқандардың отбасыларына 500 мың рупий (шамамен 6,7 мың доллар) көлемінде өтемақы төлейтінін айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...