Бас жаңалықтар
Үндістанда вакцинациялау басталды
16 Қаңтар 2021, 16:44 185

Үндістанда вакцинациялау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда вакцинациялау жұмыстары басталды.

Кorrespondent.net хабарлауынша, вакцинаны алғашқылардың бірі болып медицина, полиция және төтенше жағдай қызметкерлері қабылдады. Елде барлығы 270 миллион адамды вакцинациялау жоспарланған.

Бүгін Үндістанда жаппай вакцинациялау жұмыстары басталды. Елдің премьер-министрі Нарендра Моди вакцина қабылдағаннан кейін де әлеуметтік арақашықтық сақтап, бетперде тағуды жалғастыру қажеттігін атап өтті. 

Оның айтуынша, вакцинаның екі дозасын қабылдау жұмыстары 30 күнді құрауы мүмкін.

Үндістанда КВИ-ге қарсы екі вакцинаның түріне рұқсат берілген. Оның бірі - Оксфорд университетінің AstraZeneca вакцинасы болса, екіншісі отандық Covaxin препараты.

Алайда елдің денсаулық сақтау министрі қосымша тағы төрт вакцинаға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтқан. Олардың арасында ресейлік Спутник V вакцинасы да бар. 

Қазір елде үш мыңға жуық екпе салдыру орталықтары жұмысын бастады. Наурыз айына дейін олардың саны 12 мыңға дейін арттырылмақ. 

Вакцинациялаудың алғашқы кезеңінде 30 миллионға жуық медицина, полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері егілетін болады. Одан кейінгі кезек жасы 50-ден асқан адамдар мен созылмалы дерттері бар жандарға берілмек. Барлығы 270 адам вакцинацияланады деп жоспарланған, - делінген хабарламада.

Соғы мәліметтер бойынша елде 10,5 миллион адам вирусқа шалдыққан.


Фото: дереккөз
Загрузка...