Үндістанда фермерлердің наразылық шеруі жалғасып жатыр

29 Қараша 2020, 05:44
1235
Бөлісу:
Үндістанда фермерлердің наразылық шеруі жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Нью-Делиге жақын маңда полициямен қақтығыстан кейін билік шаруалардың қалаға кіруіне рұқсат етті, деп хабарлайды 24.kz.

Шаруа қожалықтары үкіметтің ауыл шаруашылығына қатысты қабылдаған үш заңына қарсы. Оған сәйкес делдалдар жойылып, шаруаларға өз өнімдерін елдің кез келген базарында сатуға рұқсат етілген.

Бірақ фермерлер бұл үкіметтің астықты кепілді түрде сатып алу жүйесін тоқтатып, ірі бірлестіктердің өнімді арзанға алуына жол ашады дейді. Билік мәселені шешу үшін фермерлердің басшыларымен келіссөз жүргізуге ниетті. Шаруалар жаңа заң күшін жоймайынша шеруді жалғастыра беретінін айтады.

Өзгелердің жаңалығы