Бас жаңалықтар
Үндістанда Дельта+ штамын жұқтырған науқас қайтыс болды
25 Маусым 2021, 04:40 1073

Үндістанда Дельта+ штамын жұқтырған науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында Дельтa+ штамын жұқтырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті биліктің айтуынша, қайтыс болған әйелге вакцина салынбаған.

Жалпы мутацияланған вирус штаттағы 5 адамнан табылған. Олардың төртеуі вакцинацияланып, сауықтырылды дейді дәрігерлер.

Сонымен қатар вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да белгілі болды.

Үндістанда осы уақытқа дейін коронавирустың осы нұсқасын жұқтырудың 40-қа жуық жағдайы анықталды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...