Үндістан шығарған вакцинаны ДДСҰ мақұлдады
04 Қараша 2021, 13:14 95

Үндістан шығарған вакцинаны ДДСҰ мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы Үндістанда жасалған вакцинаны төтенше жағдайда қолдану үшін мақұлдады, деп жазды Хабар24.

Аталған препарат ковидтің ауыр түріне шалдыққан науқастарды емдеп жазуда 78 процент тиімділігін дәлелдеген. Үндістан бұған дейін бірқатар кедей елге 66 миллионнан астам дозаны тегін таратқан және біраз мөлшерін сатқан. 

Өндіруші компания биылғы жылдың аяғына дейін «Коваксин» өндірісін 1 миллиард дозаға жеткізуді жоспарлап отыр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған әлемдегі жетінші препарат.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...