Бас жаңалықтар
Үндістан мен Пәкістанды Қытай татуластырмақ – БАҚ
11 Наурыз 2019, 12:17 306

Үндістан мен Пәкістанды Қытай татуластырмақ – БАҚ

Қытай екі ел арасындағы қысымды төмендетуде бітімгер болады. Бұл туралы Global Times жазады.


Басылымның жазуынша, Қытай бұл қақтығыста қандай бір елдің жағын жақтамайды, тек ымыраға келуіне әсер етеді.

«Пекин екіжақты қақтығыстың үдемеуін, терроризммен күрес жағдайының жақсарғанын қалайды. Сондықтан Қытай қысымның басылуы үшін күш жұмсайды», - делінген материалда.

Үндістанда барлық адам ҚХР бастамасын қолдайды деп айтуға болмайды. Олар Қытайдың геосаяси қаупі бар деп сескенеді. Бірақ Пәкістан Пекиннің бастамасын толық қолдап отыр.

14 ақпанда Кашмирдің батысындағы Пулвама округі арқылы өтіп жатқан үндістандық қарауыл жасағын жанкешті жарып жіберді. 40-тан астам полицей қаза тапты. Үндістанның ВВС-і жауап ретінде Пәкістан аумағындағы жауынгерлердің лагеріне шабуыл жасады. Кейін Пәкістан үндістандық екі ұшақты жойды.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы шекарада үш сағат бойы атыс болды. Кашмирдегі терактіден кейін екі ел тікелей әскери қарсылас болып кетті.

 

Сізден жаңалық