Бас жаңалықтар
Үндістан елшілігі йога күнін онлайн өткізді
22 Маусым 2021, 11:01 448

Үндістан елшілігі йога күнін онлайн өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ежелгі Үндістанның әлемге сыйы болған Йога бүкіл әлемдегі миллиондардың өмір салтына айналды. Йогадағы үлкен танымалдылықтың белгісі ретінде әлем жыл сайын 21 маусымды Халықаралық йога күні (ХЙК) деп атап өтеді.


Қазір бүкіл әлемдегі адамдар өз өмірін пандемияның жаңа шындығына бейімдеп жүргенде, йога өзектілігң арта түсті. Бұл ұзақ уақыт оқшаулану кезінде көптеген адамдарға саулық режимін сақтауға көмектесті және иммунитет пен тепе-теңдік сезімін арттырды. Ауру мен оқшаулану пациенттің денсаулығына әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар психологиялық немесе эмоционалды денсаулығына (тіпті оның отбасы мүшелеріне де) әсер етеді, - деп хабарлады Үндістан елшілігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі COVID-19 пандемиясының контекстін ескере отырып, адамдардың қозғалысына енгізілген шектеулер мен күнделікті белсенділіктің бәсеңдеуін ескере отырып, ХЙК-2021 биылғы жылы денсаулықты жақсарту және COVID-19-тан кейінгі реабилитация аспектілеріне бөліп көрсетуге бағытталған.


Қазақстанда Йога өте танымал және халықаралық йога күні алдыңғы жылдары үлкен ынтамен және ыстық ықыласпен атап өтілуде. Осы жылы пандемиялық жағдайға байланысты Үндістан үкіметі ХЙК-2021 тақырыбы ретінде ‘Саулық үшін Йога’ деп қабылдады. 


Бұл мақсатта технологиялар Йога үйренуге мүмкіндік беруде шешуші рөл атқарады. 7-ші ХЙК мерекесіне орай, Үндістанның Мәртебелі премьер-министр Нарендра Моди мырза Аюш министрлігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген ‘The WHO mYoga’ қосымшасын іске қосқанын хабарлады.


Әлемдегі ең танымал Йога бағдарламаларының бірі - Жалпы Йога Протоколын (ЖЙП) жаппай орындау Халықаралық Йога күнінің (ХЙК) жүрегінде әрдайым сақталатын болса да, биыл ХЙК гибридті форматта 11 қалада, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Өскемен, Тараз, Шымкент, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Арқалық, Ақсайда өткізілді. Осылайша, 2021 жылдың 21-маусымда Йога күні онлайн ұйымдастырылды, онда IDY 2021-дің бүкіл Қазақстандағы мерекелік күндері елшіліктің әлеуметтік медиа алаңдарында қамтылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...