Бас жаңалықтар
ҚазАТУ студенттері Президенттің үндеуін қолдап форум өткізді
11 Сәуiр 2019, 19:30 822

ҚазАТУ студенттері Президенттің үндеуін қолдап форум өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенгттері Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы маңызды шешімін қолдап, студенттік форум өткізді.


 Форумда ҚазАТУ студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің шешімін бір ауыздан қолдап, еліміздің барша студенттері мен жастарын Президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақыра отырып, үндеуді қабыл алды.


Аталмыш іс-шараға университеттің Басқарма Төрағасы А.Күрішбаев пен жастар ұйымдарының көшбасшылары, университет студенттері және өзге де құрметті қонақтар қатысты.


 Іс-шараның шымылдығын ашқан, ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев кезектен тыс өткізілетін президенттік сайлау кез келген елдегі елеулі экономикалық өзгерістердің маңызды қадамы екенін айтты.


"Біздер, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, бақытты өмірімізді, кемел болашағымызды баянды ету жолындағы аса маңызды сәтте, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуін толықтай қолдап, барлық қазақстандық жастарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сайлауға белсенді түрде қатысуға және жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасауға шақырамыз! Алдағы сайлау, әсіресе, жастарға жан-жақты дамуы мен өз білімдерін елдің баянды болашағы үшін жұмсауға мүмкіндік ашатын жаңа кезең болады деп бағалаймыз. Президент сайлауы бұл – біздің болашағымыз!", - деп атап өтті «ҚазАТУ студенттерінің Альянсы» ұйымының төрағасы.

Форумға бірауыздан қатысқан ҚазАТУ студенттері 2019 жылдың 9 маусымында өтетін президенттік сайлауға белсенді қатысатындықтарын және Қазақстан Республикасының Президентіне лайықты үміткерге дауыс беретіндіктерін атап өтті.



Фото: автордан
Загрузка...