Павлодарда Әз Наурызда Ұлы даланың жеті қыры дәріптелді

22 Наурыз 2019, 18:42
3110
Бөлісу:
Павлодарда Әз Наурызда Ұлы даланың жеті қыры дәріптелді
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде Ұлыстың ұлы күні жаңа форматта тойланды. Павлодар қаласының орталық алаңында 100-ден астам киіз үй тігілді. Мерекелік бағдарлама «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына негізделді.

Орталық жағалауда мақаланың әр қырына арналған жеті бірдей ауыл бой көтерді. Әр ауылдың атаулары бар. Басты мақсат - ұлтымыздың рухани және материалдық құндылықтарын насихаттау. Тарқатып айтсақ, «Атқа міну мәдениеті», «Ежелгі металлургия», «Аң стилінің өнері», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан алма мен қызғалдақ Отаны» деген киіз үйлер қойылды. Әрбір шаңырақ тақырыбына сай безендіріліп, қала қонақтары мен тұрғындарын қабылдады.

Мерекелік бағдарлама «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына негізделді.

Мәселен, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті өкілдерінің киіз үйі көшпенділердің металлургиясына арналды.

«Қазақстан металлургиясы бес мың жыл бұрын пайда болды. Осы сәтте еліміздің аумағында мыс кен орындары ашылып, металдан алғашқы еңбек құралдары мен қарулар балқытылды. Бұған археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлер дәлел. Алғашқы металлургтер қола дәуірінде Орталық Қазақстанда өмір сүрді. Бүгінде осы аймақтың Атасу, Талдысай қорымдарынан металлургиялық пештер табылды. Яғни, ата-бабаларымыз металл балқыту технологиясын меңгерген. Қазақ жерінен табылған металл өнімдері кейін Орталық Азия және Шығыс Еуропаға таралғаны тарихтан белгілі», - дейді мамандар.

Ежелгі металлургтер жасаған балқыту пештерін жұртшылыққа көрсету мақсатында университет мамандары көне пештің көшірмесін жасады. Жоғары оқу орнының профессоры, мүсінші Мерхат Сүйіндіковтің айтуынша, металды балқыту кезінде пештегі температура + 900 градусқа жеткен.

«Бұл пеште қорғасынды балқыттық. Түсті металдан жебенің ұшын жасап көрдік. Осылайша, көне технологияны қайта жаңғырттық. Пешті жасауда қарапайым саз балшық қолданылды», - дейді Мерхат Сүйіндіков.

Жалпы, мерекелік шараларды 30 мыңнан астам халық тамашалады. Ырысы мол мейрамды қызықтағандар үшін үш мың литр наурыз көже, 1,5 мың келі бауырсақ пен палау әзірленген.

Өзгелердің жаңалығы