Бас жаңалықтар
Ұлыбританияда G7 лидерлерінің мүсіндері қоқыстан жасалды
11 Маусым 2021, 08:45 108

Ұлыбританияда G7 лидерлерінің мүсіндері қоқыстан жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлкен жетілік елдерінің саммиті өтетін Ұлыбританияда саммитке қатысатын 7 мемлекет басшыларының қоқыстан жасалған мүсіні орнатылды, деп хабарлайды 24.kz.

Ескерткіш электронды бұйымдардың қалдықтарынан дайындалған. Осылайша авторлар әлемдегі экономикасы озық ел басшыларының назарын қайта өңдеу мәселесіне аударғысы келеді.

Суретшілер мүсінді жасауға түрлі техниканың 20 мыңдай бөлшегі жұмсалғанын айтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын 53 миллион электронды қоқыс тасталады. Сарапшылар 2050 жылға қарай аталған қалдық саны 2 есе артатынын ескертеді.

«Үлкен жетілік» елдерінің басшылары мәселені бір-біріне сілтей бермей, өзара ашық сөйлесіп, қоқыс заттарды қайта өңдеуге арналған бірегей жоба жасаса деймін. Электронды заттарды кейін керексіз қалдыққа айналатындай көп көлемде шығарудың еш қажеті жоқ. Бұл мәселелерді әр ел жеке емес, ғаламдық ауқымда шешу керек, - дейді суретші Джо Раш.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...