Ұлыбритания шектеу шараларын жеңілдетпек

28 Қараша 2020, 19:13
719
Бөлісу:
Ұлыбритания шектеу шараларын жеңілдетпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания елдің бірнеше аймағында, оның ішінде ел астанасында шектеу шараларын жеңілдетпек. Елде инфекцияның жұғу индексі бірден төмендеген. 

Бірақ халықтың 40%-дан астамы әлі де қатаң карантинді сақтауға мәжбүр.

Францияда шектеу шараларының бір бөлігі өз күшінде қалады, бірақ бүгіннен бастап дүкендер ашылып, тұрғындар қозғалысының рұқсат етілген радиусы артты. Соңғы аптада елде індетті жұқтырғандардың күнделікті саны азаюда.

Хорватияда барлар мен мейрамханалар жабылып, жиындарға қатысушылар саны азайтылды. Үйлену тойларына толықтай тыйым салынды, ал жерлеу рәсімдері 25 адаммен шектеледі.

Германияда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны миллионнан асты. Өткен тәулікте елде 22,8 мың жаңа жағдай тіркеліп, қайтыс болғандардың саны рекордтық - 426 адамды құрады.

Өзгелердің жаңалығы