«Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» конференциясы басталды
03 Қараша 2021, 10:42 175

«Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» конференциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» атты ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. 

Айтулы жиынға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қала әкімі Алтай Көлгінов, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов және басқа да белгілі тарихшылар қатысуда. 


Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына өз төңірегіндегі көптеген түркі ұлысының тікелей және жанама ықпалы болды. Осы ретте, ықпал еткен ірі ұлыстардың бірі – Тайбұға Ұлысы және Тайбұғалықтар негізін қалаған Сібір хандығы. Тайбұға Ұлысы жайлы тарихи деректер отандық тарихшы-ғалымдардың назарын аударып отыр. 

Біз өзіміз ойламаған, осы күнге дейін білмеген тарихтың басын қостық. Бұл - үлкен қуаныш. Әлі де зерттелу үстінде. Шежіремізді шертпеген үлкен тарихымыз жатыр. Біздің ұлттық кодымыздың тамыры тереңде. Бүгінгі жиын осыған дәлел. Конференцияда тарихымыз тереңірек талқыланады деген ойдамыз, - деді «Тұғырылхан – Оң хан» корпоративтік қорының төрағасы Асылхан Игібаев. 




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...