«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды

2 Тамыз 2021, 13:16
2034
Бөлісу:
«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында Ақан Сатаевтың ауқымды әрі көптен күткен жобасы - «Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілімі аяқталды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы.

Достар, біз «Ұлы дала таңы» түсірілімін аяқтадық. Әр қатысушыға осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбектеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді, - деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев Facebook парақшасында.

Қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы түсірілген тарихи-патриоттық фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен түсірілді

Туындыдағы басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды

Фильм 16 ғасырдағы Қазақ хандығының билеушісі - Қасым ханның жетістіктері туралы баяндайды

Өзгелердің жаңалығы