Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

6 Қазан 2021, 17:46
3709
Бөлісу:
Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен бір ай бойы еліміздің барлық өңірінде аталып өткен дүбірлі дода – «Ұлы дала рухы» фестивалі аяқталды.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл және даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына орай өткен жарыста Жамбы ату сайысының жеңімпаздары анықталды.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Жамбы ату елімізде кенжелеп қолға алынса да, жоғары деңгейде дамып келе жатқан бірегей өнер. Қазір еліміз бойынша дәстүрлі садақ атумен айналысатын жастар саны артып келеді. Бұл Мемлекет басшысының «бұқаралық спортты дамыту» бағдарламалық ұсынысы қолға алынғалы бері тіпті қарқынды дами бастады.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Осы жолғы Ұлы дала рухы фестиваліне де еліміздің барлық өңірінен спортшы қатысуы соның бір дәлелі.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Сонымен, жекелеген спортшылар емес, тұтас облыс,тұтас облыстық командалар арасында өткен Жамбы ату жарысында жеңіс тұғырынан көрінген өңір – Түркістан облысы.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Батыр Бексауыт, Ақберен Үсен және Бекзат жақсыбек қатарлы үш мерген Түркістан облысын қоржынына жалпы 180,23 ұпай салып, бірінші орыннан көрінді.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Ал жалпы есепте 158,6 ұпай жинаған Жалғас Құрман, Әділ Азбаев және Мейрамбек Нұрақай бастатқан ақмолалық мергендер өз облыстарын жүлделі екінші орынға шығарды.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Нұрсұлтан Омар мен Жеңісбек Етрек жалпы есепте 95,68 ұпай жинап Маңғыстау облысын алғашқы үштікке кіргізді.

Ұлы дала рухы. Үздік сұрмерген анықталды

Соңғы бірнеше жылдан берді дәстүрге айналған «Ұлы дала рухы» фестивалі алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін көкпардан үздік команда жайлы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы