Ұлттық төлем жүйесімен күніне 3,1 трлн теңге төлем жасалған

6 Наурыз 2020, 15:52
1265
Бөлісу:
Ұлттық төлем жүйесімен күніне 3,1 трлн теңге төлем жасалған

Алматы, BAQ.KZ. Орташа есеппен күніне ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге 169,3 мың төлем жүргізілген. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады.

2019 жылы Қазақстан аумағында ұлттық валютада жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 793 трлн теңгені құраған, оның 96%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілді.

2019 жылы көрсетілген төлем жүйелері арқылы 762,0 трлн теңге сомасына 41,6 млн транзакция жүргізілді. Орташа есеппен күніне ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге 169,3 мың төлем жүргізіледі, яғни операциялық күндері орта есеппен минутына 4,4 млрд теңге өтеді,-делінген хабарламада.  

Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі коэффициенті 2019 жылы 99,99% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып түседі және ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.

Өзгелердің жаңалығы