Бас жаңалықтар
Президент Досаевтан Ұлттық қордағы активтер туралы сұрады
24 Қаңтар 2020, 11:15 271

Президент Досаевтан Ұлттық қордағы активтер туралы сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында есеп берген Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың баяндамасынан кейін ел президенті одан Ұлттық қордағы активтер туралы сұрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық қордың тиімділігін арттыру және Ұлттық қордағы активтерді ұлғайту үшін не істеліп жатыр?" деген сұрақ қойды.

Ұлттық банктің 2018 жылдағы біздің есебімізде біз инвестициялау саясатына өзгерістер енгізе отырып, консервативтіден балансталғанға ауыстық. Яғни біз акциялардағы инвестициялардың үлесін арттырдық. Дамыған елдердің абблигацияларына инвестициялау үлесімізді азайтық және дамушы елдердің абблигацияларына инвестициялау үлесімізді арттырдық. Соның арқасында, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 4,2 млрд доллар валюталық кіріс алдық. Бұл валютада шамамен 7,3% құрайды. Мұнымен бірге, акциялар нарығы 25 пайызға артқанын атап өту керек. 2020 жылы осы қарқынды жалғастырғымыз келеді. Бұдан басқа сіздің алтын бойынша жаңа партфолио құрудағы қолдауыңызға алғыс білдіргіміз келеді. Ол тұрақтылық алып келді. Өткен жылы 1 млрд доллар құрастырдық осы жылы тағы 1 млрд долларға арттырдық.  Сондықтан осы жұмысыты жалғастырамыз. Нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, 2020 жылы Ұлттық қорға пайда әкелеміз деп үміттенеміз, - деп жауап берді Ұлттық банк төрағасы президенттің сұрағына.

Бұған дейін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің 2020 жылдағы жоспарымен таныстырғанын хабарлаған болатынбыз. Ол келер жылы Үкімет еліміздің экономикалық өсімін 4,7-5% жеткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...