27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы өтеді

21 Мамыр 2020, 10:15
1552
Бөлісу:
27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы 27 мамыр күні онлайн форматта өтеді. 

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оған еліміздің әр аймағынан арнайы қосылымдар ұйымдастырылады. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысына сәйкес, алдағы отырыстың күн тәртібінде адами капиталдың дамуы, соның ішінде, білім беру саласын дамыту мәселесі қаралмақ. Ақпан айынан бастап, аталған тақырып шеңберінде Ұлттық кеңес мүшелері тиісті сараптама жасап, өз ұсыныстарын дайындауға кіріскен. Кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы жиналыста талқыланатын болады, - деді Ерлан Қарин.


Өзгелердің жаңалығы