Ұлттық экономика министрі тағайындалды
11 Қаңтар, 17:40 423

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық экономика министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Туған жылы: 1983 жыл

Туған жері: Атырау қаласында туған

Білімі: Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады. 

2005-2010 жж. — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 

2010-2013 жж. — Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары. 

2013 ж. — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 

2013-2019 жж. — Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды. 

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...