Ұлттық банк: Еліміздегі барлық банк жұмысын тоқтатты
6 Қаңтар, 11:28 99

Ұлттық банк: Еліміздегі барлық банк жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел бойынша барлық екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан қор биржасының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі бірқатар өңірде күш құрылымдарының контртеррористік операция жүргізуіне және интернет жүйесіндегі уақытша іркілістерге байланысты, сондай-ақ, қызметкерлер мен қаржы қызметтерін тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін барлық қаржы ұйымдарының соның ішінде екінші деңгейлі банктердің Қазақстан қор биржасынан, бағалы қағаздардың орталық депозитариінің жұмысын 2022 жылғы 6 қаңтарда уақытша тоқтату қажеттігі туралы хабарлайды, - деді Ұлттық банктің баспасөз хатшысы «Хабар-24» телеарнасына берген ресми мәліметінде.

Сондай-ақ ол барша БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады, -деді Олжас Рамазанов.


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...