Ұлттық жобаның дені Жамбыл облысында жүзеге асады

5 Қараша 2021, 19:08
825
Бөлісу:
Ұлттық жобаның дені Жамбыл облысында жүзеге асады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір елімізде ауылшаруашылық кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы әзірленуде. Ұлттық жобаға сәйкес, Қазақстанда 7 ірі экожүйе құру және инвестжобаларды жүзеге асыру көзделсе, оның 5-еуі Жамбыл облысында жүзеге асады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 5 жобаның қатарында «QYZYLSHA» ЖШС қант зауытын салу, Göknur Gıda A.Ş. қарқынды бақтарды өсіру және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, «КАРАГАНДА АГРО ИНВЕСТ-Т» жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, «АЛЕЛЬ АГРО» құс фабрикасын салу және 9 300 басқа арналған 10 сүт тауарлы фермасын салу жұмыстары бар.

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасына берілген несиелерді кері қайтарғандардың есебінен жоба ары қарай жалғасуда. Бүгінде Байзақ ауданының Үлгілі ауылдық округі, Жамбыл ауданынан Өрнек ауылдық округі, Жуалы ауданынан Ақсай ауылдық округі пилоттық жобаға еніп, 2,2 млрд теңгеге несиелеу жұмыстары басталды. Енді ауылдық округтерде 300-ден аса жоба іске аспақ. Жалпы 8,5 мың тұрғыны бар 3 ауылдық округтегі 1 446 аула  қамтылады, – деген спикер жобаның 5 бағытта жүргізілетінін де айтты.

Өзгелердің жаңалығы