Ұлттық жоба: Экология саласында қандай реформалар жүргізіледі?

25 Қазан 2021, 17:26
25047
Бөлісу:
Ұлттық жоба: Экология саласында қандай реформалар жүргізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы» тақырыбында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

Ол орнықты даму қоғамын құруға көп көңіл бөлу керектігін сөз етті.

Экоқұрылым мен мәдениет деңгейін арттыру жөніндегі бағыт осы ұлттық жобаның базалық бағыты болып табылады. Өйткені барлық табиғат қорғау және эко-сақтау іс-шарасы мен саясаты бірінші кезекте экология және қоршаған ортаны қорғау туралы базалық түсініктері бар азаматтарға сүйенуге тиіс. Қазіргі уақытта осы саладағы жағдай білім беру және экологиялық білім беру саласында реформалар жүргізу қажеттілігін айқындап отыр. Онсыз Ұлттық жобаның басқа да іс-шаралары азаматтардан қолдау мен түсіністік таба алмайды, - деп атап өтті министр орталық коммуникациялар отырысында.
Оның айтуынша, осы бағытта 2 міндет қойылған.
Біріншіден, бұл - экологиялық аспектілерді ресми білім беру және ағарту жүйесіне біріктіру. Орта мектептің 6-сынып бағдарламасына «Экология» таңдау бойынша жаңа курсты енгізу және экологиялық ағарту орталықтары желісін экостанциялар, үйірмелер және т.б. құру жоспарлануда. Екіншіден, бұл - эко-бағдарлы ақпараттық кеңістікті қалыптастыру. Экологиялық білім беру жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу және іске асыру, «Birge - taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізу сияқты іс-шаралар іске асырылатын болады, - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Еске салсақ, бұған дейін министр «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркі құрылатынын мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы