Ұлттық университет Smart-кадрларды дайындап жатыр

22 Қазан 2020, 16:26
1609
Бөлісу:
Ұлттық университет Smart-кадрларды дайындап жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары Алма Закированың жетекшілігімен «SMARTCITY: Innovative Approach Towards a Master Program» халықаралық жобасы басталды. Жобаны іске асыруға Ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлары, доценттері, сондай-ақ, жас ғалымдар қатысуда.

Болгария, Германия, Греция, Латвия, Ресей және Моңғолияның жетекші университеттері жобаның серіктестері болып табылады. Жобаның мақсаты білім беру сапасын арттыру және оқытудың инновациялық мазмұны мен әдістерін енгізу арқылы Болон қағидаттарына сәйкес SmartCity технологиялары саласындағы әріптес елдер университеттерінің оқу жоспарларын интернационалдандыру арқылы АКТ(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласындағы мультидисциплинарлық инженерлердің жаңа буынын даярлау болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты - «SmartCity-technologies» қос дипломды магистрлік бағдарламасын әзірлеу. 

Ұлттық университет Smart-кадрларды дайындап жатыр

Жоба аясында Ресей, Моңғолия және Қазақстан оқытушыларына арналған еуропалық жоғары оқу орындары, сондай-ақ жазғы мектептер ұйымдастырылып, оқу іс-шаралары жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру барысында факультет оқытушылары оқытудан өтті:

- Салоники қаласының (Грекия) Александрия технологиялық білім беру институтының базасында;

- Рига қаласының (Латвия) Рига техникалық университетінің (РТУ) базасында;

- София қаласының (Болгария) София техникалық университетінің базасында;

- Германия Хемница технологиялық университетінде.

Ақпараттық технологиялар факультетінің «Информатика» кафедрасында жаңа «SmartCity – технологиялар» білім беру бағдарламасы әзірленіп, енгізілді, алғашқы қабылдау 2019 жылы өтті. Магистранттар (Грекия) Салоники қаласындағы Хеленик Халықаралық университетінде бір жылдық білім алды. 

Алма Закированың айтуынша, қазіргі уақытта жоба бойынша жұмыс жалғасуда және жаңа оқу жылына магистранттарды қабылдау жүргізілді. Ағылшын тілін (IELTS 6.5) меңгерген магистранттар грек университетінде екі семестр оқып, магистрлік диссертациясын қорғап, қазақстандық және еуропалық үлгідегі дипломдарға ие болады.

Жоба үш жылға жоспарланған, бірақ аяқталғаннан кейін жоба тұрақтылығының әзірленген стратегиясы бойынша магистранттарды даярлаудың осы бағытын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары жоспарланған. Smart қалалардың дамуымен Қазақстанда осы саладағы мамандарға үлкен қажеттілік туындайды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кадрларды сапалы даярлауға бағытталған Еуропалық оқыту тәжірибесі мен пәндерді оқыту әдістемесі негізінде Smart City технологиялары бойынша магистрлерді даярлауды алғашқылардың бірі болып бастады. 2021 жылы «Smart City-technologie» білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде 10 магистр шығару, сонымен қатар 2021 жылы талапкерлерді қазақ және орыс тілдерінде қабылдау жоспарлануда, - деді Алма Закирова.
Өзгелердің жаңалығы