Бас жаңалықтар
Ұлттық спорт түрлері Баян-Өлгийдегі көкпаршыларға көмек жіберді
11 Қыркүйек 2021, 21:29 122

Ұлттық спорт түрлері Баян-Өлгийдегі көкпаршыларға көмек жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы Баян-Өлгий аймағындағы Ұлттық ат спорты ұйымына қолдау көрсетті.

Баян-Өлгий аймағы ат спорты ұйымының төрағасы Ром Әуесханның айтуына қарағанда Қазақстан тарапы көкпар, теңге ілу, аударыспақ қатарлы ат үстінде ойналатын ойындарды қолдау мақсатында 12 дана ер-тұрман жіберген.

Моңғолияның қазақтар ең көп қоныстанған Баян-өлгей аймағында соңғы жылдары ат спорты, әсіресе ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Ром Әуесхан басшылық ететін ұйым 2014 жылдан бері жақсы нәтиже көрсетіп, қазақтың ұлттық ат ойындарының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

2014 жылы Астанада өткен аударыспақтан алғашқы Азия чемпионатында күміс жүлде алса, 2016 жылы Қытайда өткен Азия біріншілігінде екі күміс еншілеген болатын. Ал ЭКСПО-2017 аясында өткен Әлем біріншілігінде екі күміс, бір қоланы қажығалаған еді. Баянөлгийлік қандастарымыз мұнымен ғана тоқтап қалмай, 2018 жылғы Қырғызстанда өткен Дүниежүзі көшпенділер ойындарында екі қола иеленген болатын.

Қандастардың қарқынын жоғары бағалап, қолдау көрсеткен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы толық жабдығымен көкпарға, аударыспақ пен теңге ілуге бірдей жарайтын 12 ер жіберді. Бұл қауымдастық тарапынан қандастарға көрсетілген алғашқы тарту.


Фото: дереккөз
Загрузка...