«Ұлттық» сөзін қостық. Көшербаев Елбасыға не деп жауап бергенін айтты

15 Қазан 2021, 12:14
3604
Бөлісу:
«Ұлттық» сөзін қостық. Көшербаев Елбасыға не деп жауап бергенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.

Мемлекеттік хатшы күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 Ұлттық жобаны бекіткенін айтып өтті.

Соның ішінде бірегей «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бар. Оны іске асыру ұлт зиялыларына тікелей байланысты. Елбасы жақында хабарласып сұрап еді. ««Рухани жаңғыру» бағдарламасының екінші кезеңіне байланысты жұмыс істеп жатыр екенсіңдер, қандай өзгешелік бар?» деді. Сонда Елбасына қысқаша баяндап, «Рухани жаңғырудың» алдына "Ұлттық" деген сөзді қостық деп айттық. Ол «құптаймын, тезірек жүзеге ассын» деп қолдады, - деді Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Жолдауындағы «біз сіздерді атақ, наградаларыңызбен емес, рухани істеріңізбен бағалап, құрметтейміз» деген сөзді еске салды.

Айта кетейік, конференцияға Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Өзгелердің жаңалығы