Ұлттық парктерді қорғау туралы заңға өзгеріс енгізілді
02 Қараша 2021, 12:54 103

Ұлттық парктерді қорғау туралы заңға өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық парктерде экологиялық бұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілікті күшейту туралы брифингте ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев мәлім етті.

Еліміздің ерекше қорғалған жалпы аймақтарының көлемі – 26,2 миллион гектар. Бұл ел аумағының 9,6 пайызы. Оның ішінде заңды тұлға мәртебесі бар аумақтар -7,6 млн гектар. Немесе республика алаңының 2,78 пайызын алада десек болады.

Оның атап өтуінше, елімізде 10 мемлекеттік қорық, 13 мемлекеттік табиғи парк, 6 – мемлекеттік табиғи резерват бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында Үкімет алдында Ұлттық парктерді заңды тұрғыда қорғауды және осы бағыттағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жазаны күшейту тапсырмасын орындау мақсатында ЭГТРМ қылмыстық кодексіне, қылмыстық процестік кодексіне және әкімшілік заңнамалардың кейбір баптарына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын әзірледі, -деді Данияр Тұрғанбаев.

Данияр Тұрғанбаев сөзінше, қылмыстық кодекске, әкімшілік кодексінің кейбір баптарына енетін бұл өзгеріс экологияны, бізді қоршаған табиғи ортаны, соның ішінде ұлттық саябақтарымызды сақтауға оң ықпал етеді.

Қазақстанның табиғи байлығы, орман алқабы ондағы жануарлар дүниесі, жойылып кету қаупі бар жануарлар бар, эко жүйе толығымен сақталып, бабадан балаға аманат ретінде жалғасып отыруы тиіс, -деп атап өтті ол.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...