Бас жаңалықтар
Ұлттық қордың бір айдағы оң инвестициялық кірісі 72 млн АҚШ долларын құрады - Досаев
12 Сәуiр 2021, 10:46 214

Ұлттық қордың бір айдағы оң инвестициялық кірісі 72 млн АҚШ долларын құрады - Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін "ҚР 2021 жылғы қаңтар-наурыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы" тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.

Ұлттық қордың активтері қорға қаражат түсімдерін бөлудің асып кетуіне байланысты бір айда 523 млн АҚШ долларына төмендеп, биыл наурыздың соңында 57,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Наурызда нысаналы және кепілдік берілген трансферттерді 322 млрд теңгеге немесе 765 млн АҚШ доллары көлемінде бөлу үшін 695 млн АҚШ доллары сатылды. Ұлттық қорға наурызда түскен түсімдер барлығы 65 млрд теңгені, оның ішінде шетел валютасында 100,6 млн немесе 42,7 млрд теңгеге тең балама мөлшерді құрады, - деді ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Ұлттық қордың бір айдағы оң инвестициялық кірісі 72 млн АҚШ доллары немесе 0,13% болды. Сонымен қатар, 2021 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялық табыс -182 млн АҚШ долларын құрады. Акциялардың өсуі, сондай-ақ облигациялар мен алтынның оң түзетілуі аясында инвестициялық табыс жыл басынан бастап 9 сәуірге дейін өсті және 580 млн. АҚШ доллары болды.

Ерболат Досаев алтын валюта резервтері биыл наурызда 33,54 млрд АҚШ долларына дейін 1,13 млрд АҚШ долларына төмендегенін айтты. Оның сөзінше, резервтердің 70%-тен астамының құлдырауы алтын құнының бір унция үшін 1765 доллардан 1685 долларға дейін немесе 4,5%-ке төмендеуі аясында алтын портфелін қысқартуға тура келді.

Алтын жоғары құбылмалылықты көрсетіп, сәуірдің басынан бастап алтын бағасы бір унция үшін 1744 долларға немесе 3,5%-ке дейін өсті, бұл алтын портфелін 756 млн. АҚШ долларына қалпына келтіруді қамтамасыз етті. Биыл наурызда еркін айырбасталатын валютадағы активтердің төмендеуі, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің еурооблигацияларын өтеуге, сондай-ақ жобаларды Мемлекетаралық Банктің қаржыландыруына байланысты Ұлттық Банк клиенттерінің коршоттардағы қаражаты мен салымдарының 335 млн АҚШ долларына төмендеуі есебінен 317 млн АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік борыш төлемі 72 млн АҚШ доллары болды. Нәтижесінде биылғы жылғы наурызда жалпы халықаралық резервтер 90,64 млрд АҚШ долларын құрады, - деді Досаев.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...