Ұлттық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрімен кездесті

8 Қазан 2021, 18:25
11062
Бөлісу:
Ұлттық кеңес мүшелері Денсаулық сақтау министрімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн-форматта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатысып, оның барысында коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Өз баяндамасында А. Цой 223 елдің ішінде Қазақстан КВИ-ден сырқаттанушылық пен өлім-жітім бойынша 103 орында тұрған әлемдік рейтинг деректерін келтірді. 8 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда CОVID-19 оң нәтижесімен 900 121 науқас және КВИ-мен 76 906 жағдай тіркелген, науқастардың 93%-ы сауығып кеткен. Тамыз айымен салыстырғанда, елімізде сырқаттанушылық бойынша 2,4 есеге төмендеу байқалады, өткен аптада 13 720 жағдай тіркелген. Коронавирустық инфекцияның таралу индексі 8 қазанда 0,95 құрады.

Биыл денсаулық сақтау жүйесін күшейту бойынша қабылданған шаралар COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шеңберінде тиімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті министр.

А. Цой ҰҚСК мүшелерін алғашқы буынды нығайту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мобильді бригадаларды қалыптастыру, ПТР-тестілеу қуатын арттыру, төсектерді өрістету, сондай-ақ ҚР-да КВИ-ға қарсы вакцинация бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. Мәселен, бүгінгі күні бірінші компонентпен 7,8 млн. адам егілді, қатысты халықты қамту 78,3%-ды құрады, екінші компонентпен 68,5%-ды қамти отырып, 6,8 млн. астам адам егілді. Ең көп қамту 5 өңірде: Шымкент, Алматы қалаларында, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарында байқалады. Бірінші дозамен вакцинациялаумен қамтудың ең аз пайызы Маңғыстау облысында байқалады.

Жалпы, жоспарланған жеткізілімдерді ескере отырып, республикада 13,37 млн. астам адамды қамту үшін вакциналардың жеткілікті көлемі қамтамасыз етілді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Кездесу соңында А. Цой ҰҚСК мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы