Ұлттық кеңес мүшелері алдағы алтыншы отырысқа дайындықты сараптады

18 Қыркүйек 2021, 15:52
1267
Бөлісу:
 Ұлттық кеңес мүшелері алдағы алтыншы отырысқа дайындықты сараптады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҰҚСК әлеуметтік жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс тобының мүшелерімен онлайн-талқылау өткіздік, деп жазды Президент көмекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Кездесуге Ұлттық кеңес мүшелері Мурат Абенов, Гульмира Илеуова, Rauan Kenzhekhan, Татьяна Талаева, Эмин Аскеров, Aigul Orynbek, Арман Кашкинбеков, Laura Demessinova, Qaisar Tursyngozha, Максим Рожин, Marat Bashimov, Уайс Ерсайынұлы қатысты. Ұлттық кеңестің алдағы алтыншы отырысына дайындық аясында тұтынушылардың құқығын қорғау, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық қызмет көрсету тәсілдерін жетілдіру және экологиялық мәселелерді шешу мәселелері бойынша ұсыныстар талқыланды. Жақын арада Ұлттық кеңестің басқа жұмыс топтарының өкілдерімен осындай онлайн-кездесулерді өткізу жоспарлануда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы