Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

25 Ақпан 2021, 10:31
1529
Бөлісу:
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған. 

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады. 

2005-2010 жж. — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 

2010-2013 жж. — Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары. 

2013 ж. — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары. 

2013-2019 жж. — Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды. 

2019 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін — Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы