Бас жаңалықтар
Ұлттық біліктілік тестілеуде 349 мұғалім ереже бұзған - Дидар Смағұлов
23 Ақпан 2021, 20:33 355

Ұлттық біліктілік тестілеуде 349 мұғалім ереже бұзған - Дидар Смағұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық біліктілік тестілеудің 349 қатысушысы ереже бұзған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Міне, сондықтан да Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың) бар-жоғы тексерілмейтін. Өкінішке қарай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады, - деп жазды Дидар Смағұлов.
Егер 2020 жылы ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен.
Микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған. Осы фактілерді ескеріп, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым. Сене отыра, тексерісті де ұмытпау әдісі әлдеқайда жақсы жұмыс істейді, - деп жазды ол.



Фото: дереккөз
Загрузка...