Ұлттық банк халықтың наурыз айындағы инфляциялық болжамдарын жариялады

15 Сәуір 2021, 18:24
1632
Бөлісу:
Ұлттық банк халықтың наурыз айындағы инфляциялық болжамдарын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша халықтың инфляциялық күтулері 0,2%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Алдағы 12 ай ішінде бағаның қазіргі өсу қарқынының сақталуын немесе оның әлдеқайда көтеріле түсетінін күтетін респонденттердің үлесі 44%-ға дейін артты.

Инфляцияны бағалауда бағаның өте жоғары болатынын атап өткен респонденттердің үлесі 46%-ға дейін төмендеді. 

Әдеттегідей, сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (88%) азық-түлік бағасының өсетінін айтады. 

Сонымен бірге азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының көтеріледі деп белгілеген респонденттердің үлесі артты: 2021 жылдың ақпан айындағы 3,3%-дан наурызда 4,5%-ға дейін және қызметтерге – 2,5%-дан 3,4%-ға дейін, - делінген хабарламада.

Қазіргі қаржылық жағдайды бағалау – теріс аймақта сақталып отыр. Наурызда пессимистік жауаптардың үлесі ақпандағы 35,5%-дан 36,2%-ға дейін өсті.

Болашақ қаржылық жағдайға қатысты оң күтулер басым, наурыз айында олар 38%-ға дейін өсті (ақпанда - 37%). Халықтың көлемдеп сатып алуға дайындығы өткен аймен салыстырғанда оң бағалардың өсуі есебінен біршама жақсарды: ақпан айындағы 13%-дан наурыз айында 15%-ға дейін.

2021 жылдың наурыз айында экономиканың дамуы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулер екінші ай қатарынан нашарлай түсті. Дегенмен оң аймақта қалып отыр.

Өзгелердің жаңалығы