Бас жаңалықтар
Ғалымдар КВИ-ге қарсы күресте ультракүлгін сәуленің тиімділігін дәлелдеді
20 Қыркүйек 2020, 15:55 202

Ғалымдар КВИ-ге қарсы күресте ультракүлгін сәуленің тиімділігін дәлелдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Хиросима университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстарына сәйкес, толқынының ұзындығы 222 Нм жететін ультракүлгін сәулелер COVID-19-ды туындататын SARS-CoV-2 вирусын жоюда тиімділігі дәлелденді.

Зерттеу жұмысында ультракүлгін сәуленің 30 секундтық әсерінен SARS-CoV-2 вирусының 99,7 пайызы жойылатыны белгілі болды. Аталмыш зерттеу жұмысының нәтижесі American Journal of Infection Control журналында жарияланған.

Толқыны 222 Нм жететін ультракүлгін сәуле адамның көзі мен терісінің сыртқы қабаты арқылы өте алмайды, сол себепті оның ішкі қабатындағы тірі жасушаларға кері әсер ете алмайды. Бұл әдістің қауіпсіздігін көрсетеді. Оның вирусжойғыш қуаты толқынының ұзындығы 254 Нм жететін медициналық мекемелерді дезинфекциялауда қолданылатын ультракүлгін бактерицидтік шамдарынан кем емес.   

Бұндай шамдар адамның ашық тіндеріне әсер ететіндіктен, оларды бос тұрған ғимараттарды дезинфекциялау үшін ғана қолдануға болады. Дегенмен, толқынының ұзындығы 222 Нм жететін ультракүлгін сәулені қоғамдық орындарда, сондай-ақ ауруханаларда қолдануға болады.

Зерттеушілер бұл әдістің қауіпсіздігін әрі қарай зерттеу үшін SARS-CoV-2 вирусын жоюда сәулелеу әдісін шынайы жағдайларда жүргізсек дейді. Себебі бұған дейін әдісті зерттеу жұмыстары тек in vitro жағдайында, яғни «пробиркада», тірі ағзадан тыс жерде ғана жүргізілген.


Фото: дереккөз
Загрузка...