Үлкен күнә болып есептеледі. Бас мүфти жемқорлық туралы айтты

5 Сәуір 2021, 16:38
2501
Бөлісу:
Үлкен күнә болып есептеледі. Бас мүфти жемқорлық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Antikorlive жобасында айтты.

Жемқорлық - үлкен күнә. Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисіне келетін болсақ, "лауазымды қызметтегі тұлғаға берілген сыйлық арам жолмен табылған жалақы" деген сөзі бар. Сондықтан бұл үлкен күнәлардың қатарына жатады. Жемқорлық тек жалғыз адамға ғана емес, тұтас елдің, мемлекеттің дамуына кері әсер етеді. Қазіргі кезде жемқорлық жасаған адамдар бұл дүниеде құтылып кетемін деп ойлайды. Алайда иықта екі періште отыр. Олар барлық амалды жазып отырғанын естен шығармау керек. Сонда біз мұндай күнәларға бармаймыз, - деді ол. 
Наурызбай қажы Тағанұлы атап өткендей, әрбір мемлекетте жемқорлық деген үлкен қылмыс деп есептеледі. Оның жазасы да өте қатал. 
Біздің елімізде де жаза қатал. Президентіміз де айтты ғой, "жемқорлықпен сотталған істі адамдардың мерзімін қысқарту, рақымшылық болмайды" деп. Бұл да біздегі жазаның қаталдығын көрсетіп отыр. Мысалы Қытай елінде де жемқорлықтың жазасы ауыр. Мұсылманшылықта Аллаға сенген, иманды адамның бүкіл елге қиянат жасауы үлкен күнә болып есептеледі, - деді бас мүфти. 

Оның айтуынша, бұрындағыдай емес қазір ата-аналар балаларын жалақысы көп қызметке орналасуға тырысады.  

Мұның барлығы түсіндіру жұмыстарының жемісі деп айтуға болады. Біз айта берсек, түсіндіре берсек, жастардың жүрегіне жетіп, олар адал амалдарды жүзеге асырады деп сенеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы