Бас жаңалықтар
Үлгілі ісімізбен үлес қосамыз – қостанайлық диқан
19 Маусым 2019, 15:26 322

Үлгілі ісімізбен үлес қосамыз – қостанайлық диқан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Экономикалық өсімге әрбір азамат үлес қосуы тиіс. Белгілі диқан әрі меценат, экономика ғылымдарының кандидаты Ибраш Естаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген 10 бағыт турасында осындай пікір білдірді.

«Қазір қоғамның талабы өсті. Билік те оны жақсы бағамдап отыр деп есептеймін. Соның бір айғағы – Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 10 бағыт. «Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін терең түсінуіміз керек»,деді мемлекет басшысы. Экономикалық өсім – әділетті әрі мәдениетті, бизнес саласы әлеуметтік жауапкершілігін сезінген, еңбекті бағалайтын, тұрақты қоғамның жетістігі. Яғни, мемлекет тарапынан қолға алынатын шаралар ғана емес, оған әрбір азамат, әсіресе, кәсіп иелері үлгілі ісімен үлес қосуы тиіс», - дейді Ибраш Естайұлы

Оның пікірінше, қазіргі таңда аймақтарды дамытуға орасан зор көңіл бөлініп отыр. 

«Мемлекеттік бағдарламалар өңірлердегі мәселелерді шешуге септігін тигізуде. Мысалы, «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша қаншама жас ауылдарда еңбек етіп жатыр. Он жылға таяу уақыт ішінде Қостанай облысында аталған бағдарламаның шапағатын 400-ден астам жас маман көрді. Біз де халықты жұмыспен қамту, мәдениет, білім ошақтарын жөндеу сияқты жұмыстарға атсалысып тұрамыз. Президент әлеуметтік салада көптеген бастамалар қолға алынатынын айтты. Алдағы уақытта, он бағыт аясында еліміздің дамуы жандана түсетініне сенемін», - дейді диқан.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық