Бас жаңалықтар
Кірпішіне дейін қалдырмайтын сияқты – үлескерлер елордадағы проблемалық үй туралы
13 Тамыз 2019, 14:13 325

Кірпішіне дейін қалдырмайтын сияқты – үлескерлер елордадағы проблемалық үй туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов "Талисман" тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

d97a37236b3d52a70c921e51d14fcd2d.jpeg

2017 жылдан бастап объектіде жұмыс жүргізілмеген. Жоба бойынша тұрғын үй 170 пәтерге есептелген.  

687e4eb6d161889e5e5e235600e985d5.jpeg

"2014 жылдан бастап біздің тұрғын үй кешенімізде пәтерлерді сату басталды. 2017 жылдан бастап біздің үй бойынша ешқандай да құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатырған жоқ. Біздегі көптеген тұрғындар басқа қалалардан. Біз пәтер жалдап тұрамыз, несие төлейміз. Үнемдеуге тура келеді", - деді проблемалы нысанның тұрғындары.

d8b6feaf031978ec5a3c50d60953a354.jpeg

Тұрғындардың айтуынша, нысаннан трансформатор мен кабельдерді ұрлап кеткен. 

"Қазір бізде құжат жоқ. Бұрынғы құрылыс салушымен шартты бұзу үшін қылмыстық тергеу аяқталуы қажет. Тек осыдан кейін ғана бізді жәбірленуші тарап ретінде таниды және біз шығын сомасын біле аламыз, демек, одан әрі жаңа құрылыс салушыға жүгінеміз", - деді проблемалық нысанның тұрғындары. 

414a42319d0e287410cc12330f5e47bf.jpeg

Қала әкімі атап өткендей, шығын сомасын анықтау, үйді өлшеу, құжаттарды ретке келтіру және қаржылық модель құру қажет. Екі ай ішінде қала басшысы 37 үлестік құрылыс нысандарын аралап, жартысына қайта барды. Қала бойынша барлығы 51 үй салынып бітпеген. Әр әкімдік бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық