Бас жаңалықтар
Ұландықтар жоғалған балаларды жақындарына қайтарды
06 Қазан 2021, 15:10 1561

Ұландықтар жоғалған балаларды жақындарына қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда сақшылары бір күнде екі жоғалған баланы ата-аналарына қайтарды, деп хабарлады Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.

5 қазан күні сағат 20.30-да әскери жасақ бастығы қатардағы Оразхан Әлішер, патрульшілер қатардағы жауынгерлер Бексұлтан Смадияр мен Мәди Ақжолтаев Бөгенбай көшесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шығады. Көше бойынан шамасы 8-9 жастағы баланы байқайды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, бала аялдамасынан шатасып, мектептен кейін үйіне жол таппаған екен. Әңгіме барысында мектеп оқушысы әскери жасақ бастығына әпкесінің телефон нөмірін береді. Әпкесі ұландық жасақ тұрған орынды біліп алған соң сол жерге келіп, інісін үйіне алып кетеді. Азаматша қызметін адал атқарған ұландықтарға және 5573 әскери бөлімі басшылығына өз алғысын білдірді.

Дәл сол күні басқа әскери жасақ та қырағылығымен көзге түсті. Олар да жоғалған балаларды жақындарына қайтарды. Иманбаев көшесінде патрульдік-бекеттік қызметті атқарып жүрген әскери жасақ бастығы Данияр Нығметов және қатардағы жауынгерлер Жахангір Исаев пен Елдар Байсеркеев сағат 19.00 шамасында жоғалған жеті жасар баланы табады.

Баланың сөзіне қарағанда, ол кілті болмай, пәтерге кіре алмай жүр екен. Әскери қызметшілер дереу әскери топ бастығына болған жағдайды баяндайды. Ұландықтар баланың жақындары келгенше мектеп оқушысына қолғап пен ыстық шәй берді. Сол арқылы оның көңілін аулады. Бала уақыт өтісімен келген анасының қолына тапсырылды. Баланың анасы ұландықтарға жылы сөздерін арнап, құқықтық тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...