Ұландықтар жоғалған  екі телефонды иесіне қайтарды
2 Желтоқсан 2021, 20:47 197

Ұландықтар жоғалған екі телефонды иесіне қайтарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға желтоқсанның 1-і күні болды. Сағат 14.10-да елорданың Есіл ауданында әскери жасақ қызмет атқару барысында жоғалған «Xiaomi» маркілі смартфонды табады, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Араға уақыт салып телефонға азаматша қоңырау соғып, өзін телефонның иесі екенін айтады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Фарид Гатиятуллин өзінің тұрған орнын айтып, сол жерге келген иесіне телефонды тапсырады.

Шамамен сол уақытта басқа әскери жасақпен Республика мен Дүкенұлы көшелерінің қилысында қарда жатқан «Айфон 7» телефоны табылады.

Әскери жасақ табылған зат туралы патрульдік топ бастығы қатардағы Шыңғысхан Ілиясқа радиобайланыс арқылы баяндайды. Оқиға орнына келген ұландық телефонды қосады. Артынша қоңырау соғылып, оның телефон иесі екені анықталады. Ұландықтар оқиға орнына келген қызға жоғалтқанын тапсырады. Зат иесі ұландықтарға қырағы және адал қызметтері үшін алғысын білдірді.

Осы күні сағат 15.50 шамасында енді бір әскери жасақ К. Байсейітова көшесінде полициядан қашып, аулаға кірген азаматты байқайды. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Нұрсұлтан Сәрсенбаев және қатардағы Мұқаметәли Уәли ер азаматты дереу қолға түсіруге кіріседі.

Қолға түскен 2003 жылғы азаматтың қалтасынан «Гашиш» есірткі заты табылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...