Ұлан сарбаздары елордада ұрлыққа қатысы бар алаяқты ұстады
23 Қараша 2021, 22:29 275

Ұлан сарбаздары елордада ұрлыққа қатысы бар алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып келе жатқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінен бөлінген әскери жасақ күдікті көрінген ер азаматты ұстады, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Көшеде қисалаңдап келе жатқан азамат әскери жасақ бастығы қатардағы Бекарыс Рахадиловтың ескертуіне мән бермеген. Алайда, жіті қимылдаған жасақ бастығы мен патрульшілер қатардағы Арман Бақытжанов және Аслан Бесжановпен бірге ер азаматты ұстап, мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа ауданының полиция басқармасына жеткізген.

Сол жерде аталған азаматтың алақтық әрекетке қатысы бар екені анықталды. Белгілі болғандай, ол 2015 жылдың 9 шілдесінде алдау арқылы құны 60 мың теңгені құрайтын «Самсунг» маркілі телефонды иемденіп кеткен.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...