Ұланбатыр-Нұр-Сұлтан. Уақытша тоқтап қалған рейстер қайта ашылады

18 Қыркүйек 2021, 20:33
15137
Бөлісу:
Ұланбатыр-Нұр-Сұлтан. Уақытша тоқтап қалған рейстер қайта ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түсініксіз себептермен 1 қыркүйектен бері тоқтап қалған Қазақстан-Моңғолия арасындағы ұшақ қайта ұшады.

2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда өткен ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен Моңғолияның бұрынғы Премьер-министрі, қазіргі Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген Ұланбатыр-Алматы-Ұланбатыр және Ұланбатыр-Нұр-СЧұлтан-Ұланбатыр бағытындағы рейстер 2021 жылы 1 қыркүйектен бастап тоқтап қалған болатын.

Осы аралықта 6 қыркүйек күні Ұланбатыр-Нұр-Сұлтан-Ұланбатыр, 13 қыркүйек күні Ұланбатыр-Алматы-Ұланбатыр бағыттарына ұшуға тиіс екі рейс тоқтатылған еді.

Бүгін екі ел арасындағы бағдарды орындап келген Хүннүү эйр әуе компаниясы 19 қыркүйектен бастап рейстер қайта ашылатынын хабарлады.

Компанияның мәліметіне қарағанда 19 қыркүйек күні Ұланбатыр-Нұр-Сұлтан-Ұланбатыр бағытында ұшақ ұшатын болды.

Бұл ақпаратты Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі де растады.

Қазақстан Республикасының Ұлан-Батырдағы Елшілігінің бастамасымен 2021 жылғы 19, 21 және 23 қыркүйекте тек Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер үшін арнайы рейстер ұйымдастырылады. Рейстерді ұйымдастыру мәселесімен «Хүннү Эйр» әуе компаниясы айналысады және компанияның өкілдері жолаушыларға хабарласады – делінген елшілік таратқан ақпаратта.

Дегенмен, Елшілік те, әуе компаниясы да аталған үш рейстен кейін екі арасындағы әуе қатынасы жалғасатынын не жалғаспайтынын нақты айтқан жоқ.

Өзгелердің жаңалығы