Бас жаңалықтар
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жиыны өтті
01 Желтоқсан 2020, 21:53 206

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жиыны өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс ведомствалары басшыларының кезекті отырысы өтті.

Қорғаныс министрлерінің кеңесі әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелері жөніндегі ұйымның ресми жарғылық консультативтік және атқарушы органы саналады.

Аталған кеңеске Қазақстан Республикасының атынан Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты, әскери шеңбердегі ҰҚШҰ қызметінің басым бағыттарын келісті.

Отырыс барысында материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз ету, бітімгершілік қызмет, кадрлар даярлығын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, сондай-ақ ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің бірлескен жауынгерлік даярлық іс-шаралары қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Оқу-жаттығу сценарийіне қазіргі қарулы қақтығыстардан алынған сабақтарды қосу қажет деп санаймыз. Біз қауіп-қатерлерге ұжымдық тойтарыс беруге дайын екенімізді көрсетіп, жауынгерлік іс - қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін пысықтауға тиіспіз, - дейді генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Сонымен қатар тараптар 2021-2025 жылдарға арналған ұйымға мүше мемлекеттердің әскери ынтымақтастықты дамыту жоспарын талқылады.


Фото: дереккөз
Загрузка...