Премьер-министрлердің отставка кету челленджі жалғасып жатыр: Келесі кім?

17 Қаңтар 2020, 14:43
1393
Бөлісу:
Премьер-министрлердің отставка кету челленджі жалғасып жатыр: Келесі кім?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина премьер-министрі Алексей Гончарук отставка кету туралы өтініш жазды. Бұл туралы bbc.com хабарлады. Ол өтінішін Украина преизденті Владимир Зеленскийге жолдады. 

Мен бұл қызметке президенттің бағдарламасын орындау үшін келгенмін. Ол мен үшін ашықтық пен адалдықтың үлгісі саналады. Бірақ президентке деген біздің құрметіміз бен сенімімізге кез келген күдік тудырмау үшін отставкаға өтініш жазып, оны Парламентке шығару құқымен президентке бердім, - деп жазды Алексей Гончарук Facebook парақшасында. 

Украина президентінің баспасөз қызметі премьер-министр Алексей Гончаруктың отставкаға кету туралы жазғанын Владимир Зеленскийдің алғанын хабарлады.

Мемлекет басшысы аталған өтінішті қарайды. Украина президентінің кеңсесі қарау нәтижесін жеке хабарлайды, - делінген Telegram каналында. 
Айта кетейік, бұған дейін Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев те отставкаға кеткен болатын. Ол осыдан кейін РФ қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Сөйтіп, бір аптаның ішінде бұрынғы КСРО құрамында болған екі елдің премьер-министрі отставкаға кетіп үлгерді. Ендігі кезек кімде?
Өзгелердің жаңалығы