Украинаның арнайы қызметі MH17 апатын тергеу бойынша есеп берді

17 Шілде 2019, 19:21
1575
Бөлісу:
Украинаның арнайы қызметі MH17 апатын тергеу бойынша есеп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның қауіпсіздік қызметі осыдан бес жыл бұрын орын алған Донбастағы MH17 апатына қатысты тергеу бойынша есеп берді. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады.

УҚҚ басты тергеу басқармасы бастығының орынбасары Виталий Маяков тікелей эфирден хабарлағандай, күні бүгінге дейін Донбастағы MH17 апатына қатысы бар 150 адам анықталған. Арнайы қызмет малайзиялық ұшақты атып түсірген "Бук" зенитті-зымыран қондырғысын тасымалдаған  тягач жүргізушісін де тұтқындап үлгерген.

Тікелей эфирде  тягачтың Донецк бойынша зымыран қондырғысын алып бара жатқан видеосы көрсетілді.

"Осы телефондағы видео арқылы бұл трейлер кімдікі екенін анықтадық. Донецктегі автокәсіпорыннан алып кеткендердің тұлғасын да анықтадық. Үш жылдан кейін оны біз туралы білетінімізді білмейтінін пайдаланып өзімізге қарасты РФ-мен шекарада қамауға алдық. Бүгінде ол өз жазасын Украинада өтеуде», - деді Маяков.

Өзгелердің жаңалығы